Ауғанстанмен көрші елдердің СІМ басшылары бірлескен мәлімдеме жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанмен көрші елдердің СІМ басшылары бірлескен мәлімдеме жасады ©REUTERS

Ауғанстанмен көршілес Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанмен көршілес Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдердің дипломаттары Ауғанстандағы жағдай түбегейлі өзгерді деп мәлімдеп, бұдан былай Ауғанстанның ішкі істеріне араласпау қағидатын, атап айтқанда, ауған халқының берік бейбітшілік орнатуға деген ұмтылысын құрметтеп, халық өз болашағын өз беттерінше анықтауы керек деп мәлімдеді. Елде тұрақтылық орнайтынына үміт білдірді.

Дипломаттар Ауғанстандағы проблеманы шешу үшін барлық этностардың қатысуымен кешенді саяси құрылым құру керек екенін айтты.

Қытай сыртқы істер министрі Ван И "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) әлемнің басқа елдерімен диалог орнатуға ұмтылып жатқанын және халықаралық қауымдастық Ауғанстанға, елдің дамуына көмектесуі керек екенін айтты. Ван И Иранда өткен конференцияда видео арқылы сөйлеген сөзінде Бейжің Ауғанстан туралы келіссөздер әрқашан жүргізуге дайын екенін айтты.

"Талибан" әлеммен диалог орнатуға дайын. Қытай Ауғанстан көршілерінің үшінші кездесуін қолайлы уақытта өткізеді", - деді министр.

Сондай-ақ, дипломаттар халықаралық қауымдастық ауған босқындарын қабылдайтын елдерге, атап айтқанда, Иран мен Пәкістанға және басқа көрші мемлекеттерге қаржылық қолдау көрсетуі керек деп шешті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети