31 тамыз 2021 | 09:13

Ауғанстаннан АҚШ-тың соңғы әскери қызметкері кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ ұшып кетті. АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады. Бұл туралы Пентагон өкілі генерал Кеннет Маккензи 31 тамыз, сейсенбіге қараған түні айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ ұшып кетті. АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтады. Бұл туралы Пентагон өкілі генерал Кеннет Маккензи 31 тамыз, сейсенбіге қараған түні айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"АҚШ-тың барлық әскери қызметкері Ауғанстаннан кетті", - деді АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы арнайы брифингте.

АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісінің міндетін атқарушы Росс Уилсон соңғы эвакуациялық ұшақпен Ислам Республикасынан кетті, деді Маккензи.

Генералдың айтуынша, америкалықтар Ауғанстанда қалған әскери техниканы істен шығарған, оны қайтадан пайдалану мүмкін емес.

"Біз жүйелер (әуежайдың зымыранға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету) соңғы минутқа дейін жұмыс істегенін жөн санадық, бұл күрделі жүйелер, оларды бөлшектеу уақытты қажет етеді және техникалық тұрғыдан қиын, сондықтан біз оларды ешқашан пайдаланбау үшін істен шығардық, біз оны маңызды деп санадық", - деді әскери қызметкер брифингте.

Сондай-ақ, ол 26 әскери техника мен 73 ұшақ әдейі істен шығарылғанын айтты. "Олар енді ешқашан ұшпайды", - деді Пентагон өкілі.

АҚШ федерал авиация басқармасы АҚШ Кабул әуежайындағы әуе қозғалысын бақыламайтынын мәлімдеді.

Al-Jazeera телеарнасына дереккөз берген мәлімет бойынша, АҚШ әскерлерінің шығарылуы аяқталғаннан кейін Кабул халықаралық әуежайы "Талибан" қозғалысының толық бақылауына өткен (Қазақстанда тыйым салынған).

"Соңғы шетелдік әскери қызметкер Ауғанстан аумағынан кетті. Қазір елдің барлық аумағы тәліптердің бақылауында. Енді біздің мемлекет еркін және тәуелсіз", - деді РИА Новостиге "Талибан" өкілі Мохаммад Наим.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы АҚШ күштерін шығарудың соңғы күні - 31 тамыз болатынын мәлімдеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети