Ауғанстаннан эвакуацияланған 200-ге жуық адам күдіке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстаннан эвакуацияланған 200-ге жуық адам күдіке ілінді Фото © Reuters

Германияның "Рамштайн" базасына эвакуацияланған 30 мың ауғанның 200-ге жуығы қауіп төндіру ықтималдығына байланысты қосымша тексеруден өтеді. Бұл туралы штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның "Рамштайн" базасына эвакуацияланған 30 мың ауғанның 200-ге жуығы қауіп төндіру ықтималдығына байланысты қосымша тексеруден өтеді. Бұл туралы штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мұнда 30 мыңға жуық адам тексеру процесінен өтті, екі жүзге жуығы қызылмен белгіленді", - деді Милли АҚШ-тың Германиядағы базасында FoxNews басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, эвакуацияланғандар саусақ ізін тапсырып, базаларда биометрикалық тексеруден өтеді, егер күдік туындаса, олар сары немесе қызыл түспен белгіленеді, ал материалдар ФБР агенттеріне тапсырылады.

Миллидің айтуынша, терроризм 2-2,5 жыл ішінде қайта жандануы мүмкін. Ол америкалық заң шығарушылар алдында дәл осындай позицияны айтқанын еске салды.

Бұған дейін америкалық ақпарат құралдары Америка Құрама Штаттары өз территориясына террористік топтармен байланысы бар деп жүзге жуық ауған босқынынан күдіктенгенін және қосымша тексеруге Косовоға кемінде екеуін жіберуге ниетті екенін хабарлады.

АҚШ шенеуніктері елдің әр аймағындағы сегіз әскери базада 50 мың ауған босқынына арналған орын дайындап жатқанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети