ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2021 | 18:21
Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кетті - БАҚ
Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Амрулла Салехтің Тәжікстанға ұшып кеткені туралы хабар 4 қыркүйекте пайда болды. Үндістанның Times Now телеарнасы Республиканың бұрынғы вице-президенті ұлттық қарсылық майданы жетекшілерімен көрші елге барғанын хабарлады.
"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Забиулла Муджахид оған Амрулла Салех пен Панжшердегі қарсылық жетекшісі Ахмад Масуд Тәжікстанға ұшып кеткені туралы жеткізгенін айтты.
Алайда саясаткер нақты қай жерде екені әлі жарияланған жоқ.
Бұған дейін Ауғанстан вице-президенті Амрулла Салех Ауғанстан конституциясына сілтеме жасап, өзін уақытша мемлекет басшысы жариялап, президент Ашраф Ғани елден кеткеннен кейін тәліптермен күресуге шақырған болатын.
Салех сол кезде "Талибан" бақылауында болмаған Ауғанстанның жалғыз провинциясы Панжшерде содырларға қарсылық армиясын жинай бастады. Алайда, кейін тәліптер Ауғанстанның Панжшер провинциясын толық басып алғанын мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также