17 тамыз 2021 22:23

Ауғанстанның вице-президенті өзін президент жариялап, тәліптермен күреске шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех ел конституциясына сүйене отырып өзін уақытша президент жариялап, "Талибан" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысымен күреске шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех ел конституциясына сүйене отырып өзін уақытша президент жариялап, "Талибан" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес қозғалысқа Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысымен күреске шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 тамызда Салех бірнеше твит жариялаған. Онда қазіргі уақытта өзі Ауғанстанда екенін, президент міндетін атқарушы ретінде барлық лидерден қолдау күтетінін жазған.

Сонымен қатар, Салех "Талибан" қозғалысымен күресте бірігуге шақырады.

"АҚШ пен НАТО-ға қарағанда біз рухымызды жоғалтпадық, алда зор мүмкіндіктер барын көріп отырмыз. Пайдасыз мәймөңкелеу аяқталды. Қарсылыққа қосылыңыздар", - деп мәлімдеді Амрулла Салех.

"Мен ешқашан, қандай жағдай болса да тәліп лаңкестері алдында бас имеймін. Жанымды сатпаймын, батыр, қолбасшы, аңыз әрі ұстаз Ахмад Шах Масудтың мұрасын сатып кетпеймін. Мені тыңдаған миллиондарды жерге қаратпаймын. Мен ешқашан "Талибанмен" бірге болмаймын. Ешқашан", - делінген Салехтің тағы бір твитінде.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети