19 тамыз 2021 00:26

Ауғанстан президенті қанша ақша ұрлап кеткені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

"Талибан" (Қазақстанда ұйымға тыйым салынған - еск.) қозғалысы билікті басып алғаннан кейін елден қашқан Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мемлекет қазынасынан 169 миллион доллар ұрлап кеткен. Бұл туралы Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммед Зохир Агбар сәрсенбіде Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Россия-24" арнасына сілтеме жасап.

Ол Президент Ғанидің қашуын "мемлекет пен ұлтқа жасалған опасыздық" деп атады. Агбар Интерполға Ашраф Ғаниді халықаралық сотқа жеткізу үшін қамауға алу туралы өтінішпен жүгінетінін айтты.

Сонымен қатар, елші вице-премьер Амрулла Салехті Ауғанстан басшысы ретінде мойындайтынын атап өтті.

"Ел Конституциясына сәйкес, президент болмаған, қашып кеткен немесе қайтыс болған жағдайда, бірінші орынбасары оның міндеттерін атқарады, сондықтан Амрулла Салех қазір Мемлекет басшысы", - деді елші, оның сөздері дипломатиялық миссияның Facebook парақшасында келтірілген.

Вице-премьер Амрулла Салех "Талибан" келгеннен кейін елде қалды. Салехтің жақтастары саналатын әскери қызметкерлер мен содырлар арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.

Бұған дейін Ашраф Ғани Кабулдан ақша толтырылған тікұшақпен қашып кеткені хабарланған. Қолма-қол ақша әуежайға төрт автомобильмен жеткізілген. Бірақ тікұшаққа бәрі бірдей сыймай қалған, ақшаның бір бөлігі ұшу алаңында қалды.

Иранның YJC агенттігі сәрсенбіде таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Ашраф Ғани БАӘ астанасы Әбу-Дабидегі ауруханада жатыр, оның жағдайы нашарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети