Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гулам Исакзай тәліптер Кабулдың кейбір аудандарында үйлерді тінтіп, тізімдегі адамдарды іздеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru басылымына сілтеме жасап.
Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Гулам Исакзай тәліптер Кабулдың кейбір аудандарында үйлерді тінтіп, тізімдегі адамдарды іздеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru басылымына сілтеме жасап.
Гулам Исакзайдың айтуынша, Ауғанстан астанасының тұрғындары "үрейленіп отыр".
"Біз тәліптер уәделері мен міндеттемелерін қалай бұзғанына тағы да куә болдық. Олардың жауынгерлерді және Кандагар мен басқа да ірі қалаларда бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіруін көрдік", - деп келтірді өкілдің сөздерін "Россия 24" телеарнасы.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз кезегінде барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға шақырды.
"Халықаралық қауымдастық бұл елдің лаңкестердің қауіпсіз аймағына айналмауын қамтамасыз етуі керек", - деп қосты ол.
Бұл арада Қызыл Крест Ауғанстанда мыңдаған жаралыларға көмектесіп жатқанын айтады.
РИА Новости мәліметінше, "Талибан" көшбасшылары америкалықтармен жұмыс жасаған ауғандарды жазаламайтынын және қудаламайтынын айтқан.
"Біз оларды жазаламаймыз, оларды немесе олардың мүлкін қамауға алмаймыз", - деді қозғалыстың өкілі Сухейл Шахин америкалық MSNBC арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін 70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, кейбір африкалық және латынамерикалық мемлекеттер бұл елден бәріне ашық болуға шақырды және оған дайын екенін білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!