Ауғанстанның жарты халқына ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ауғанстан халқының жартысынан көбі, 22,8 миллион адам қарашадан бастап азық-түлік тапшылығына тап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстан халқының жартысынан көбі, 22,8 миллион адам қарашадан бастап азық-түлік тапшылығына тап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) мен БҰҰ -ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы зерттеулерінде айтылған.

Азық-түлік қауіпсіздігінің жаңартылған біріктірілген классификациясына (IPC немесе ICF) сәйкес, Ауғанстанның әрбір екінші тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен наурызы аралығында қауіптің 3-ші және 4-ші (соңғыдан кейінгі) сатысында болуы мүмкін. Ұйымдар мұндай жағдайда қоректік заттардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету үшін шұғыл гуманитарлық көмек қажет екенін айтты.

Баяндамада ауған халқы қыстағы аязда гуманитарлық көмекке тәуелді болғанда көмек көрсетілетіні айтылған.

Құрғақшылық, әскери қақтығыстар, COVID-19 пандемиясы мен экономикалық дағдарыстың жиынтығынан ауған халқының өмір сүруі қиындай түсті.

Қыркүйек пен қазан айындағы мәлімет бойынша, халықтың 18,8 миллионы азық-түлік тапшылығына тап болды. IPC классификациясы бойынша Ауғанстанда дағдарыс, төтенше және апатты фазалар кезеңі өтіп жатыр. 

Халықаралық ұйымдар Ауғанстанға көмекті ұлғайтуды сұрап отыр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына елдің 23 миллионға жуық халқына тұрақты көмек көрсету үшін айына 220 миллион доллар қажет екені айтылады. ФАО-ның шұғыл қажеттіліктері 11,4 миллион долларды құрайды, ал келесі жылы егіс маусымының басталуына тағы 200 миллион доллар қажет.

"Аязда елдің көп бөлігінде миллиондаған адам аштан қырылып қалмас үшін гуманитарлық көмекті тездету керек. Бұл өмір мен өлім мәселесі, - деді ФАО бас директоры Ку Донгю.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro