26 шілде 2018 10:40

Ауру мысықты бөлшектеп тастаған қыздың видеосы желіні шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Рунетте Алтай маңында түсірілген видеоны желі қолданушылары қызу талқыға салып жатыр. Видеода қыз балтамен мысықты бөлшектеп тастады, - деп хабарлады РИА Новости


Рунетте Алтай маңында түсірілген видеоны желі қолданушылары қызу талқыға салып жатыр. Видеода қыз балтамен мысықты бөлшектеп тастады, - деп хабарлады РИА Новости

Мысықты қыз аяусыз бөлшектеп жатқанында, әпкесі кекетіп: "Аямайсың ба?", "Қалай мияулап жатқанын естіп жатсың ба? - деді видеоға түсіріп жатқанда. Қыз болса балағат сөз айтып, жануардың басын балтамен шауып тастады. 

Қыздың кім екені лезде анықталды, оның әкесі сол ауылдың басшысы Михайлов Виктор Штраух болып шықты. Қыздың анасы мысықтың ауру болғанын және қызы оны азаптан құтқару үшін жасағанын мәлімдеді. Ал әкесі болса, оның күлгені өзін-өзі қорғау реакциясы болғанын айтты. Негізінде, ауру мысықты қыз бірнеше апта күткенін айтып, Штраух қыздарын психологқа көрсетуге уеде берді. 

Ауыл кеңесінің хатшысы Михайловки Светлана Чумадевскаяның айтуынша, депутат бұл оқиға жайлы біледі, бірақ басшы демалысқа кеткендіктен үкімді әлі шығармаған.

"Үкімді тіпті шығармайтын да шығар. Асығудың еш себебі жоқ. Ауылымыз үшін Штраух қолынан келгеннің бәрін жасады және бұл оқиғамен полиция қызметкерлері мен прокуратура айналысып жатыр", - деді хатшы. 

Қазір полицейлер видеоны тексеріп жатыр. Одан бөлек прокуратурадағылар Алтай маңындағы мектепті, оның ішіндегі жүйені тексеріп, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша жүйені қарастырып жатыр. 

Қыздар әлі қылмыстық жауапкершілікті өзіне алатындай жасқа келген жоқ, сондықтан ата-анасы тек айыппұлмен құтылуы мүмкін. Алайда желі қолданушылары жасөспірімдерді жазалау туралы петиция жинап, ал отбасына сотпен сес көрсетіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети