21 желтоқсан 2020 16:40

Аустралия COVID-19 жаңа штаммының қаупіне күмән келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Аустралияның денсаулық сақтау саласының мамандары Ұлыбританияда тарап жатқан COVID-19 жаңа штаммының қауіпті екеніне күмән келтірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sydney Morning Herald сайтына сілтеме жасап.


Аустралияның денсаулық сақтау саласының мамандары Ұлыбританияда тарап жатқан COVID-19 жаңа штаммының қауіпті екеніне күмән келтірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sydney Morning Herald сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Грег Хант Аустралия коронавирустың жаңа штаммының анықталуына байланысты Ұлыбританиямен арадағы рейстерді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Өйткені, бұл вирустың адамдарға қауіпті немесе жұқпалы екені туралы әлі нақты мәлімет жоқ.

Австралияның бас дәрігері міндетін атқарушы Пол Келли Ұлыбританиядан келгендер австралиялықтарға қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, олардың барлығы елге келген кезде 14 күн қатаң карантинде болады.

"Коронавирус анықталғаннан бері вирус мың рет мутацияға ұшырады. Оның айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын көрсететін нақты дәлел жоқ. Мен бұл вирусқа жұқпалы ауру сияқты қараймын. Оның қоршаған ортасы, иесі яғни адам мен инфекциялық агенті бар. Вирус жұқтырғандар санының көбеюі Рождествомен байланысты. Оның алдындағы бірнеше аптада оқшалануға қарамастан адамдар белсенді түрде байланыс жасады", - дейді Пол Келли.

Квинсленд университетінің жұқпалы аурулар эпидемиологы Линда Селвидің пікірінше, COVID-19 вирусының жаңа штаммы басқа елдерге де таралуы мүмкін. Ал Ұлыбританияда бұл салада көп зерттеу жүргізілгендіктен коронавирустың жаңа штаммы анықталған.

Айта кетейік, осыған дейін ұлыбританиялықтар Лондоннан жаппай кетіп жатқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети