Аустралия премьер-министрі мемлекеттік қызметте ешқашан өтірік айтпағанын мәлімдеді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралия премьер-министрі мемлекеттік қызметте ешқашан өтірік айтпағанын мәлімдеді Фото ©REUTERS

Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон мемлекеттік қызметте ешқашан өтірік айтпағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон мемлекеттік қызметте ешқашан өтірік айтпағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Аустралия премьер-министрінің мәлімдемесі Франция президенті Эммануэль Макронның Моррисон суасты қайықтарының құрылысы туралы келісімшартты бұзуға қатысты өтірік айтты деген сөзінен кейін жасалды. 
Моррисонға қатысты сын осы аптада оның үкіметі электр көліктерін қолдауға 129,6 миллион доллар жұмсайтынын жариялаған кезде күшейе түсті.

"Тыңдаңыздар, мен саясатпен айналысамын. Жұрт үнемі жала жабады... Меніңше, өтірік айтқан кезім болған емес" - деп сендірді ол.

Аустралияның бұрынғы премьер-министрі Малкольм Тернбулл жақында француз басшысының сөзіне қосылып, Моррисонды "өтірікші" деп атады.

Оның мәлімдемесіне жауап ретінде желі қолданушылары Аустралия премьер-министрі шынымен өтірік айтпады ма деп ойлана бастады. Олардың пікірінше, 2007 жылы Моррисон Парламентке сайланғаннан кейін өтірік айтқан кездері болған.

Еске салайық, АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия 15 қыркүйекте AUKUS деп аталатын жаңа қорғаныс одағының құрылғаны туралы хабарлады. Осы келісім аясында Вашингтон мен Лондон Канберраға ядролық суасты флотын құруға көмектесуге уәде берді. Нәтижесінде, Аустралия Франциямен 12 миллиард еуро тұратын қарапайым қозғалтқыштары бар 56 субмаринді жеткізуге қатысты келісімшартты бұзды.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан бұл оқиғаны "артыңнан пышақ сұғу" деп атап, Франциямен сүңгуір қайықтар туралы келісімшартты бұзу арқылы Аустралия тек Париждің ғана емес, бүкіл Еуропаның сеніміне күмән келтірді деп мәлімдеді. Наразылық білдіру үшін Париж тарихта алғаш рет АҚШ пен Аустралиядан елшілерін шақыртты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети