28 ақпан 2022 08:46

Аустралия Путинге және Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларына қарсы санкциялар салды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pixabay Иллюстрация: pixabay

Аустралия Ресей президенті Владимир Путинге, сондай-ақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің басқа да тұрақты мүшелеріне қаржылық санкция және елге кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді.

"Ресей президенті мен Ресей Қауіпсіздік кеңесінің қалған тұрақты мүшелеріне: сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, премьер-министр Михаил Мишустинге және ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке Аустралияның мақсатты қаржылық санкциялары және елге кіруге тыйым салынды. Ол күшіне енді", - делінген премьер-министр Скотт Моррисон мәлімдемесінде.

Бұған дейін Еуропалық Одақ (ЕО) Ресей ұшақтарының ЕО аумағында ұшуына толық тыйым салуды қамтитын жаңа санкциялар пакетін енгізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети