Аустралияда батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияда батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты Иллюстрациялық фото nvdaily.ru

Аустралияның Тасмания штатындағы мектепте үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны алтыға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияның Тасмания штатындағы мектепте үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны алтыға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға Тасмания аралында Девонпорт бастауыш мектебінде болды. Жел балалармен бірге үрлемелі батутты жұлып алып, бірнеше метрге көтерген. Бұған дейін бес баланың өлімі туралы хабарланған болатын.

"Тасманиядағы қайғылы оқиға кезінде жарақат алған алтыншы бала қайтыс болды", - деп жазады басылым.

 Полицияның соңғы мәліметі бойынша, оқиға салдарынан тоғыз бала зардап шегіп, олардың алтауы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети