04 наурыз 2017 13:47

Аустралияда өз балаларын суға тұншықтырып жатқан әйелді ит қауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 27 жастағы әйел өзінің екі баласын Муррей өзеніне алып келіп, тұншықтырғысы келген, - деп хабарлайды News.com.au


Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 27 жастағы әйел өзінің екі баласын Муррей өзеніне алып келіп, тұншықтырғысы келген, - деп хабарлайды News.com.au

Безбүйрек ананы қылмыс үстінде ит қауып алған. Алайда балалардың бірі суға кетіп, қаза тапқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар оның денесін өзеннен алып шықты.

Ал екінші бала аман қалыпты. Басылымның мәліметінше, ит қапқан әйел полицияға өзі барған. 

Қазіргі уақытта оған "адам өлтіруге оқталу" айыбы тағылған. Сот тыңдауы кезінде әйел екі баласын да суға тұншықтырып өлтіргісі келгенін мойындап, кепілақымен босатылудан бас тартқан. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети