03 қаңтар 2015 21:07

Австралиядағы орман өрті қаладағы үйлерге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото newsru.com сайтынан алынды Фото newsru.com сайтынан алынды

Австралияда соңғы 30 жылда болмаған ірі орман өрті болып жатыр, ол осымен елдің бесінші қаласына жетіп қалды, - деп хабарлайды NEWSru.com. Сенбі күні өрт Аделаида қаласына жетіп, Adelaide Hills ауданындағы үйлер мен фермалар, шарап жасайтын шаруашылықтар өртеніп кеткен. Бұған дейін Австралия басшылығы егер ауа райы өзгермейтін болса соңғы 30 жылда болмаған орман өрті болатынын айтып, үрейленіп отырғанын ВВС хабарлады.

Өрт Аделаида қаласының солтүстік-шығысында күшейе түсті, өрт сөндірушілер желдің қатты болу салдарынан оны ауыздықтай алмай жатыр. "Бүкіл әлемде бұл өртті сөндіре алатын өрт сөндіруші жоқ", - дейді өрт сөндіру қызметінің өкілі Иен Таннер. 

Австралия билігі қазір Adelaide Hills-дағы 19 елді мекеннің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту жасады, ол ауданда барлығы 40 мың адам тұрады. Өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда бес үй өртеніп кеткен, тағы ондаған үйге қауіп төніп тұр.

Өрт сөндіру кезінде сегіз өрт сөндіруші жарақат алды, бірақ өмірлеріне қауіп жоқ.

Оңтүстік Австралия штатының полициясы төтенше жағдай жариялады, ал штат премьері Джей Везерил тұрғындарды үйлерін тастап кетуге көндіруге тырысып жатыр. "Сіздердің өмірлеріңізге қауіп төніп тұр. Қаламыз деп шешсеңіздер, онда өрттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулеріңіз керек және шешімдеріңізді өзгерте аласыздар. Бұл кезде жолға шығу апатты шешім болуы да мүмкін", - деді ол.

Штаттың өрт сөндіру қызметінің басшысы бұл өрт салдарының деңгейін 1983 жылы болған өртпен салыстырып, бұл өрттің деңгейі сол кездегідей болуы мүмкін деп отыр, ол кезде өрт салдарынан 70 адам қаза болып, мыңдаған үй күлге айналған.  

Айта кетейік, Австралияда орман өрті жиі болады. Бірақ бұған дейінгі 2009 жылы ақпанда Виктория штатында болған ірі өрттен 173 адам қаза тауып 2 мыңнан аса үй жанып кеткен. Бұл өрт Австралияның қазіргі заманғы тарихындағы ең ірі орман өрті болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети