"Австралиялық сарапшылар Украинадағы Boeing-777 ұшағы апатының орнында кем дегенде жеті күн жұмыс істеуі қажет. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Тони Эбботқа сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Австралиялық сарапшылар Украинадағы Boeing-777 ұшағы апатының орнында кем дегенде жеті күн жұмыс істеуі қажет. Бұл туралы Австралия премьер-министрі Тони Эбботқа сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл ақырын жүретін ұзақ процесс. Менің ойымша, егер өзге де жағдайлар болмаса, біздің өкілдер ол жерде бір апта не сол шамада жұмыс істеуі қажет. Егер ешқандай кедергі болмаса, онда жұмысты аяқтау үшін кем дегенде бір апта уақыт қажет болады" деп түсіндіреді Эббот.
Бұған дейін хабарланғандай, Boeing-777 ұшағының апат орнынан қайтыс болғандар мәйіттерінің қалдықтары табылған болатын. Эбботтың сөзіне қарағанда, мәйіт қалдықтары Харьковке жеткізіліп, одан әрі Нидерландыға жөнелтіледі. Сарапшылардың қанша мәйіт тапқаны хабарланған жоқ.
Ал, Австралия федеральді полициысы комиссарының орынбасары Эндрю Колвин сарапшылардың жұмысы қауіпсіздік шараларына қарай бір аптадан 10 күнге дейін созылуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, полицейлер қаруланбаған, тек мәйттерді іздеумен айналысады. Сонымен қоса, Колвин сарапшылар ешқандай дәйек жинаумен айналыспайтынын да атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 31 шілде күні халықаралық сарапшылар алғаш рет Boeing-777 ұшағының апат орнына барды. Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенконың апат аймағындағы атысты тоқтатамын дегеніне қарамастан, соғыс қимылдарының жалғасуына орай бұл мүмкін болмаған еді. Сол себепті халықаралық сарапшылар тобы апат орынына бара алмаған.
Малайзиыляқ Boeing-777 17 шілдеді Украина аумағында апатқа ұшыраған еді. Ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурге бағыт алған. Апат салдарынан 298 адам, оның ішінде 15 экипаж мүшесі қаза тапты. Киев билігі мен батыс елдері ұшақ апатына Украинаның шығысындағы жасақшыларды кінәлаған болатын. Ал жасақшылар өз арсеналында 10 мың шақырым биіктегі нысанды атып түсіретін қондырғының жоқ екенін мәлімдеген. Украина билігі Boeing-777 апатын әскери қылмыс деп бағалаған еді.