"G20 саммитіне қатысуға келген Путинді қарсы алған австралиялық шенділер оған салқын қабақ танытып, қолын алмады" деп мәлімдейді tengrinews.kz жергілікті The Courier Mail газетіе сілтеме жасап.
"G20 саммитіне қатысуға келген Путинді қарсы алған австралиялық шенділер оған салқын қабақ танытып, қолын алмады" деп мәлімдейді tengrinews.kz жергілікті The Courier Mail газетіе сілтеме жасап.
Ақпарат көзі таратқан мәлімдеге қарағанда, ұшақ сатысынан түсіп келе жатқан Ресей басшысына Австралияның Бас прокуроры Джордж Брэндис және генерал-губернатор Питер Косгроув қолдарын беріп амандаспаған. Жоғарғы шенділер Ресей басшысына қарай бір қадам баспапты. Алайда, Бас прокурор Джордж Брэндис пен генерал-губернатор Питер Косгроув Германия канцлері Ангела Меркель мен Қытай елінің басшысы Си Цзиньпинді күліп, қошаметпен қарсы алған.
Десе де, Путинге австралиялық шенділердің бәрі бірдей суық қабақ танытпапты. Австралия қорғаныс министрінің орынбасары Стюарт Роберт пен Квинсленд губернаторы Пол де Джерси Ресей басшысын жылы қарсы алған көрінеді.
Атап өте кетер жайт, қазан айында Австралияның премьер-министрі Тони Эбботт G20 саммитінде Путинмен қатаң әңгіме болатынын ескерткен еді. "Мен Путиннің жағасынан алып, оған "австралиялықтарды Ресей қолдап отырған жасақшылар өлтірді"деп айтамын" деген болатын.
Ресей басшысы Австралияға ұшып келерден бірнеше сағат бұрын Эбботт оған қарата кезекті мәлімдемесін жасады. Басылым таратқан хабарламада Эбботт "Ресей президенті жоғалған патшалық даңқы мен Кеңес Үкіметін қайта тіктемек" делінген.
G20 саммиті австралиялық Брисбенде 15 қараша күні таңертең басталды. Саммит барысында Путин Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронмен, Франция президенті Франсуа Олландпен, Италия премьері Маттео Ренцимен және Германия канцлеріАнгелой Меркельмен кездесуді жоспарлаған.