Австриялық сот қателесіп егде жастағы науқастың сол аяғын емес, оң аяғын кескен дәрігерге 2700 еуро (1,3 млн теңге) айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Австрияның Линц қаласының соты 43 жастағы медицина қызметкерін өрескел қателігі үшін кінәлі деп тауып 2700 еуро айыппұл салды. Іс сотқа жеткенше қайтыс болған науқастың жесірі де 5 мың еуро көлемінде өтемақы алған.
82 жастағы ер адам осы жылдың мамыр айында Фрайштадт ауруханасына түскен.
Оның сол аяғы кесілуі тиіс болатын, бірақ хирург неге екені белгісіз оң аяғына ота жасаған. Қателік екі күннен кейін аяқты таңу кезінде ғана анықталып, науқасқа тағы да ампутация жасалатындығы айтылған.
Оқиғаны "адами және техникалық қателік" деп атаған хирург өз еркімен жұмыстан шығып, басқа қалаға көшіп кеткен. Аурухана басшылығы бұл медициналық қатенің себептері егжей-тегжейлі тексерілетінін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!