25 тамыз 2017 | 13:24

Автобус Керчь бұғазына құлап, 12 адам қаза болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Краснодар өлкесіндегі Керчь бұғазында салынып жатқан көпірде автобус құлады, - деп хабарлайды РБК. Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасындағылар бұл оқиғаның Краснодар өлкесі Темрюк ауданы Волна ауылында болғанын айтады.


Иконка комментария блок соц сети

Краснодар өлкесіндегі Керчь бұғазында салынып жатқан көпірде автобус құлады, - деп хабарлайды РБК. Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасындағылар бұл оқиғаның Краснодар өлкесі Темрюк ауданы Волна ауылында болғанын айтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 адам қаза болды. 

Ал РИА Новости басылымының мәліметінше, төтенше жағдайдан тағы 20 адам құтқарылды. Үш адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. БАҚ мәліметінше, төтенше жағдайға жол қозғалысы ережелерін сақтамау себеп болған.

"Автобус шамамен 4 метр биіктіктен құлап кетті. Төтенше жағдайдың себебі ретінде әзірше жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы деген нұсқа қарастырылып жатыр", - деп хабарлады агенттіктегілер.

РЕН ТВ телеарнасы оқиғаның видеосы жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста "Таманьгаз" кәсіпорнының 20 жұмысшысы болған. Олар вахтадан қайтып келе жатқан. Ал Желі қолданушылары автобуста 60 адамның болғанын айтады, бірақ бұл мәлімет расталған жоқ.

Краснодар өлкесінің билігі зардап шеккендерге медициналық көмек пен тасымалдауға көмектесетіндерін, сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары қор ашпақшы. Әкімшіліктегілер болса төтенше жағдайдан 6 адамның қаза тауып, төрт адамның ес-түссіз күйде жатқанын және тағы 10 адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, автобуста 26 адам болған, құтқарушылар қазіргі уақытта қалған он адамды іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети