03 желтоқсан 2021 17:48

Әйелдер некеге тұруға келісім беруі керек - "Талибан"

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ауғанстанда билікке келген "Талибан" үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығы туралы жарлық шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Ауғанстанда билікке келген "Талибан" үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығы туралы жарлық шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, жарлықты "Талибанның" ресми өкілі Забихулла Мужахид мәлімдеген.

"Әйел - біреудің меншігі емес, ардақты, еркін адам, оны ешкім басқа біреуге жақсылық үшін немесе дұшпандықты тоқтату үшін бере алмайды", - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, жарлықта әйелдерге арналған неке мен мүлікті реттейтін ережелер көрсетілген. Онда әйелдерді некеге мәжбүрлеуге болмайды, ал жесірлердің марқұм күйеуінің мүлкінде үлесі болуы керек делінген. Жарлықта сот шешім қабылдау кезінде осы ережелерді ескеруі керек, ал дін істері және ақпарат министрліктері бұл құқықтарды насихаттауы керек екені айтылған.

"Әйелдің (қайтыс болған) күйеуінің, балаларының, әкесінің және басқа туыстарының мүлкінің үлесіне құқығы бар. Ешкім оны бұл құқығынан айыра алмайды", - делінген хабарламада.

Агенттік жарлықта әйелдердің білім алуға немесе үйден тыс жұмыс істеуге мүмкіндігі туралы айтылмағанын атап өтті, бұл халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды.

Тамыздың соңында Ауғанстанда жұмыс істейтін әйелдерге "Талибан" тарапынан елде толық қауіпсіздікті қамтамасыз еткенге дейін үйде болуға және жұмысқа бармауға бұйрық берілді. Қозғалыс өкілінің айтуынша, қауіпсіздік күштеріне әйелдермен қалай сөйлесу керек екені және қандай қарым-қатынас жасау керек екені үйретілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети