29 қараша 2014 18:11

Азаматтық авиация комитеті 2 желтоқсаннан бастап "Инвест Авиа" әуе компаниясының лицензиясын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фото©Тұрар Қазанғапов Фото©Тұрар Қазанғапов

 Инвестициялық даму министрлігіне қарасты азаматтық авиация комитеті "Инвест Авиа" АҚ әуе компаниясының сертификатын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аталмыш фирманың вице-президенті Сергей Егоров хабарлады.


 Инвестициялық даму министрлігіне қарасты азаматтық авиация комитеті "Инвест Авиа" АҚ әуе компаниясының сертификатын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аталмыш фирманың вице-президенті Сергей Егоров хабарлады.


Оның айтуынша, азаматтық авиация комитеті 28 қараша күні комитет төрағасы Бекен Сейдахметовтың атынан әуе компаниясына жеделхат жолдаған. Жеделхатта ҚР 16 бабының 3 тармағына сәйкес "Инвест Авиа" АҚ әуе компаниясының сертификаты 1 желтоқсанда 00.00 сағаттан бастап тоқтатылатыны хабарланған.


Егоров хабарламада бұдан өзге нақты ақпарттың берілмегенін алға тартып отыр. Айта кету керек, ҚР 16 бабының 3 тармағы бойынша  заң бұзған тарап "Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзғаны үшін" жауапкершілікке тартылады. Заңның бұл бабында сегіз тармақ бар. 
Артынша "Инвест Авиа" әуе компаниясына 2 желтоқсаннан бастап сертификаты тоқтатылғаны жөнінде екінші жеделхат келген. Егоров сертификаттарының тоқтатылуына қатысты мемлекеттік органдарға хат жіберетіндіктерін айтуда.
Оның мәліметінше, қазір әуе компаниясының 580 жолаушысы Тайланд пен Мысыр елінде сапарлап жүр. Олардың ішінде 300 жолаушы Мысырға кетсе, 280 жолаушы Тай елінде туристік сапарда. Тайландқа келесі жолаушылардың ұшу сапары 5 желтоқсанға жоспарланған, Ал 8 желтоқсанда Шарм-эль-Шейх еліне ұшу жоспарланып отыр.

 "Инвест Авиа" әуе компаниясы Ресейдің North Wind әуе компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу тұрғысынан келісім жасаған. "Егер біздің жолаушыларды тасымалдауға техникалық тұрғыда әлеуетіміз жетпей жетсе, ресейліктер бізге көмекке келуге дайын. Олар бізге Тайланд пен Мысыр елдінде қосымша база жасайды. Сондай-ақ Шарм-эль-шейхте харковьтық әуе бағытына да ұшақ бар" дейді Егоров.

 Оның айтуынаш, туристерді қазақстандық  ұшақтар да елге жеткізе алады. Осылайша "Инвест Авиа"компаниясының өкілі "қазақстандық өзге әуе компаниялар да туристерді елге әкелуді өз еншілеріне ала алады" деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети