Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды © РИА Новости

Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

"6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды", - деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігі өкілдері.

ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір қала тұрғыны мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Жарылыс салдарынан ғимараттардың 80 пайыздан астамы зақымданды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети