Әзербайжан президенті Ресейге қандай шарт қойып отырғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан президенті Ресейге қандай шарт қойып отырғанын айтты Фото:gov.kz

Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Ресейге қандай шарт қойылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Ресейге қандай шарт қойылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval-ға сілтеме жасап.

29 желтоқсанда Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына халықаралық әуежайда сұхбат беріп, Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Ол 27 желтоқсанда Әзербайжан тарапы өз талаптарын ресми түрде Ресейге тапсырғанын мәлімдеді.

"Бұл талаптардың мәні неде? Біріншіден, Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, кінәлілер жазаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Әзербайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушыларға және экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Бұл - біздің шарттарымыз. Олардың біріншісі кеше орындалды. Біздің қалған шарттарымыз да орындалады деп үміттенемін", - деді Әзербайжан президенті.

Ол бұл шарттардың барлығы әділ екенін мәлімдеді.

"Бұл жерде артық ештеңе жоқ, бәрі халықаралық тәжірибеге және адамгершілік қағидаларына негізделген. Тағы да қайталаймын, Әзербайжан жұртшылығына бұл істің барлық анық-қанығы хабарланады. Бұл шарттар сіздер арқылы көпшілікке жетеді. Тағы да қайталаймын, біздің шарттарымыз қабылданады деп үміттенемін", - деп түйіндеді Әзербайжан президенті.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети