Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Ресей Қорғаныс министрлігінің Әзербайжан әскері Қарабақтағы бұрынғы позициясына шегінді деген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі haqqin.az сайтына сілтеме жасап.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Ресей Қорғаныс министрлігінің Әзербайжан әскері Қарабақтағы бұрынғы позициясына шегінді деген мәлімдемесін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі haqqin.az сайтына сілтеме жасап.
"Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 27 наурыздағы мәлімдемесінде көрсетілген тармақтар шындыққа сәйкес келмейтінін өкінішпен хабарлайды. Әзербайжан Республикасының егеменді аумағы құрамына кіретін Фаррух ауылы мен оның маңындағы Әзербайжан әскері позициясында өзгерістер жоқ", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
"Біздің армия жедел жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемесіндегі Әзербайжан атысты тоқтату режимін бұзғаны туралы ақпарат та шындыққа жанаспайтыны және Әзербайжан әскерилері арасында жарақат алу деректері болмағаны айтылған.
Әзербайжан аумағында Таулы Қарабақ деп аталатын бірде-бір әкімшілік-аумақтық бірлік жоқ екенін тағы бір рет еске салғым келеді. Ресей Қорғаныс министрлігінің 26 және 27 наурыздағы мәлімдемелерінде "Таулы Қарабақ" сөзін қолдану Әзербайжан Республикасының аумақтық тұтастығын құрметтемеу саналады", - деп қосты Әзербайжан әскери ведомствосы өкілдері.
Сонымен қатар, Әзербайжан тарапы Ресейдің мәлімдемелерін екі ел президенті 2022 жылғы 22 ақпанда қол қойған одақтастық ынтымақтастық туралы декларацияға құрметсіздік көрсетудің көрінісі деп атады.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның Ходжалы ауданында Фурух деген ауыл жоқ екенін мәлімдеді.
"Ауылдың аты - Фаррух. Келесі мәлімдемелерде ауыл атауы дұрыс көрсетіледі деп сенеміз", - делінген хабарламада.
Жексенбіде кешке Ресей Қорғаныс министрлігі "келіссөздер нәтижесінде Әзербайжан тарапы Фурух елді мекені аумағынан өз бөлімшелерін шығаруды жүргізді" деп мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!