Әзербайжанда әскери тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанда әскери тікұшақ құлады: қаза тапқандар бар © dsx.gov.az

Әзербайжанда әскери тікұшақ құлап, салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанда әскери тікұшақ құлап, салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Әуекемесі Хызин ауданындағы Гарагейбат аймағындағы полигонда ұшу жаттығуын орындаған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың аты-жөні белгілі, тізімде 14 адам жазылған.  

Тікұшақтың құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу республиканың бас прокуратурасының бақылауында. 

"Бас прокуратура басшылығымен бірге оқиға орнын тексеру жүргізілді. Бас прокуратураның тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.  

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Артынша, Түркия президенті хабарласып, Әзербайжан халқына көңіл айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети