13 қараша 2014 15:17

Әзірбайжан Таулы Қарабақ әуе кеңістігін жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таулы Қарабақ әскерінің сарбазы. ©РИА Новости Таулы Қарабақ әскерінің сарбазы. ©РИА Новости

Әзірбайжан ұшулар үшін Таулы Қарабақ әуе кеңістігін жапты, - деп хабарлайды РИА Новости


Әзірбайжан ұшулар үшін Таулы Қарабақ әуе кеңістігін жапты, - деп хабарлайды РИА Новости

Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл жөнінде азаматтық авиация халықаралық ұйымының барлық мүшесіне ескертілді. "Әзірбайжан басып алынған аумақтардың үстіндегі әуе кеңістігін ұшулар үшін жапты және бұл жөнінде тиісті тәртіппен азаматтық авиация халықаралық ұйымының барлық мүшесіне хабардар етілді", - делінген Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елдің қорғаныс министрлігінің өкілдері республика қарулы күштерінің "Армения республикасының қарулы күштеріне тиесілі Ми-24 маркалы тікұшақты атып түсіргенін" хабарлаған еді. Бұл тікұшақ "әскери бағыт алып, Әзірбайжан құрылымдарына шабуыл жасауға әрекеттенген". Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Респубикасы қорғаныс министрлігінің өкілі Сенор Асратянның айтуынша, ол - ТҚР-дың оқу-жаттығу ұшуын орындаған тікұшағы. 

Таулы Қарабақ армяндары көп облыс Әзірбайжан КСР-і құрамынан бөлініп шығуды жариялаған 1988 жылдан бері жанжал аймағына айналды. 1992-1994 жылдардағы соғыстан кейін Әзірбайжан бұл аймаққа және оған іргелес жеті ауданға бақылау жасаудан айырылды. Таулы Қарабақ өз тәуелсіздігін жариялады, бірақ әлі күнге дейін Армения мен Әзірбайжан арасындағы келіссөз тарабы бола алмай келеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети