05 қазан 2016 | 10:49

Әзірбайжанда әкесі өз қызын сегіз жылдан бері шынжырмен байлап ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хазар телеарнасының суреттері Хазар телеарнасының суреттері

Әзірбайжанның бір ауданында әкесі қызын сегіз жыл бойы шынжырмен байлап мал қорада ұстаған. Бұл туралы жергілікті "Хазар" телеарнасы сюжет жасаған, - деп хабарлайды 1news.az.


Иконка комментария блок соц сети

Әзірбайжанның бір ауданында әкесі қызын сегіз жыл бойы шынжырмен байлап мал қорада ұстаған. Бұл туралы жергілікті "Хазар" телеарнасы сюжет жасаған, - деп хабарлайды 1news.az.

Парвана есімді қыздың әкесі оны шарасыздықтан сарайға қамағанын айтады, себебі Парвана өзін-өзі ұстай алмайды, "есінен ауысқан". "Қазіргі уақытта ол тынышталды, ал бұрындары барлығын қирататын. Терезелерді шағып, ыдыс-аяқты түгелімен сындыратын. Өте ашушаң болатын", - деді ер адам.

Жүргізушінің қыздың аяғы неге жансызданып қалған деген сұрағына, әкесі оны ұрып-соқпағанын айтады. Ол оның суықтан немесе күнге шықпағанынан болуы мүмкін деп болжады. "Ол сыртқа шықпайды. Қалайша сонша уақыт бойы отыра береді? Сондықтан да аяғы істемей қалған", - деп түсіндірді әкесі. 

Оның айтуынша, кей уақыттарда ол қызын серуендеуге аулаға шығарады. Алайда жұмысына байланысты көп жағдайда шығара алмайды екен. Қыз отырған сарайға пеш орнату деген ұсынысқа ол Парвана өзін басқара алмайды, сондықтан өртеп жіберуі мүмкін деп жауап берді.

Ер адам өз қызының бұрындары басқа балалар секілді мектепке барып, сабағын жақсы оқығанын айтады. 

Әкесі қызды емдеуге Бакуге жіберуден бас тартты. Оның ойынша, емдеулер Парванаға көмектеспейді. Егер бізге көмек берілсе біз оның тұратын жерін жақсылап салып беріп, өзіміз қарай берер едік", - дейді ол.

Аудандық орындаушы биліктің өкілінің айтуынша, қызды бірнеше рет арнайы емдеу мекемесіне жатқызуды ұсынған, алайда олар әрдайым қарсылық білдірген. 

Сонымен қатар, "Чистый мир" Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мехрибан Зейналованың айтуынша, бұрын қыздың әкпесі болған. "Анасы қайтыс болғаннан кейін әкесі екі қызын мал қорада ұстаған. Біреуінің жүрегі тоқтап қалған. Қыздың мәйітін дер кезінде алып кетпегендіктен, Парвана бірнеше күн бойы қайтыс болған әпкесінің жанында болған", - деді ол. 

Зейналованың айтуынша, ол осы мәліметті журналист түсірген сюжет арқылы білген. Алайда бұл мәлімет ресми түрде анықталмаған. 

"Мен жағдайдың қалай болғанын білмеймін, сондықтан ешкімге кінә артқым келмейді. Бірақ ешкімнің бұл оқиға туралы білмеуі мүмкін емес қой? Учаскелік полицей, мектеп, туыстары... Әрине істің мән-жайы анықталмаған, бірақ бұл оқиғаны қиянат деп сенімді түрде айтуға болады", - деді әйелдер құқығын қорғаушы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети