Азық-түлік бағасының өсуі аштық толқуларын тудыруы мүмкін - ДСҰ басшысы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Батыстың Украинадағы оқиғаларға реакциясы фонында азық-түлік бағасының өсуі әлемдегі ең кедей елдер халқын аштық көтерілістеріне итермелеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Verve times басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыстың Украинадағы оқиғаларға реакциясы фонында азық-түлік бағасының өсуі әлемдегі ең кедей елдер халқын аштық көтерілістеріне итермелеуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Verve times басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала мәлімдеді.

"Менің ойымша, бұл бізді толғандыруы керек. Биыл азық-түлік бағасында айтарлықтай өзгеріс болады. Азық-түлік пен энергия - әлемдегі кедей адамдар тұтынатын ең маңызды екі тауар", - деді ДСҰ басшысы The Guardian басылымына берген сұхбатында.

Оконджо-Ивеала бүкіл әлемдегі инфляция фонында 2000-жылдардың екінші жартысында болған аштық толқулары қайталану мүмкін екенін ескертті.

"Кедей елдер мен ондағы адамдар зардап шегеді. Егер соғыс зардаптарын қалай азайтуға болатынын ойламасақ, бұл тек биылға емес, келесі жылға созылатын тағы бір апатқа айналады. Біз ұйым мүшелерімен сөйлесіп, азық-түлікке экспорттық шектеулер қойып, дағдарысты ушықтырмауға шақырамыз", - деп қосты ұйым басшысы.

Сонымен қатар, Нгози Оконджо-Ивеала Ресейдің ДСҰ-дан шығуы екіталай екенін, өйткені бұл процесс өте күрделі және ұйымға мүше елдердің 75 пайызының мақұлдауын қажет ететінін айтты.

Бұған дейін азық-түліктің әлемдік бағасы соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткені хабарланған болатын. Сарапшылар шикізат бағасы да тез көтерілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro