09 қараша 2020 | 09:09

БАӘ-де алкоголь ішуге және некесіз жұп болып тұруға рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Flickr / Andrew Price Фото: Flickr / Andrew Price

БАӘ билігі алкоголь ішкендерге, өзіне қол жұмсағысы келгендерге қатысты жазаны алып тастады және неке қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті National басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

БАӘ билігі алкоголь ішкендерге, өзіне қол жұмсағысы келгендерге қатысты жазаны алып тастады және неке қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті National басылымына сілтеме жасап.

Сенбіде БАӘ президенті Халифа бен Зейд Әл Нахайян жеке статус және азаматтық қатынастарға қатысты  қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізуді бекітті. Атап айтқанда, "ар-намысын қорғау үшін жасалған қылмысты" жеңілдетуді қарастыратын бап алып тасталды.

Өзгертулер енгізілгеннен кейін БАӘ-де алкоголь ішу қылмыс болып есептелмейді. Енді 21 жастан асқан азаматтарға жеке немесе белгілі бір қоғамдық орындарда алкоголь ішуге болады. Бұған дейін БАӘ-де мұсылман емес, жасы 21-ден асқан туристер мен шетел азаматтарына ғана алкоголь ішуге және сатып алуға рұқсат еді.

Бұдан басқа, басылым мәліметінше, енді өзіне қол жұмсауға тырысқандар қылмыстық жауапқа тартылмайды және некесі қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, БАӘ-де әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандар үшін жаза қатаңдатылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети