27 мамыр 2016 16:50

БАӘ-де жезөкшелікпен айналысқан бірнеше қазақстандық қыз сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ-де жезөкшелікпен айналысқан бірнеше қазақстандық қыз сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф хабарлады.


БАӘ-де жезөкшелікпен айналысқан бірнеше қазақстандық қыз сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф хабарлады.

"Біздің азаматтар Әмірліктер территориясында болу ережесін жиі бұзады, бірақ олар бұқаралық ақпарат құралдарын қосып жатқан жоқ. Біз Дубайдағы бас консулдығыз арқылы осы мәселенің барлығын шешуге тырысып жатырмыз. Қазіргі уақытта бірнеше азаматшамыз жезөкшелік ісі бойынша сотталып жатыр. Осындай деректер бар, сот істері аяқталғанда хабарлай аламыз. Қазір процесс жүріп жатыр", - деп хабарлады Лама Шариф.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың Араб әмірліктерінде қандай құқықбұзушылықтар жасайтынын айтып берді.

"Тонау деректері бар, кісі өлтіру оқиғасы болмады, негізінде осындай шағын қылмыстар, бірақ дерек бар. Басқа елдермен салыстырғанда біз заңды көп бұзбаймыз. Бірақ мен барлығы заңды белшесінен баспайды деп айтып отырған жоқпын. Ірі сомада кредит алып, қайтара алмай отырғандар бар, банкротқа ұшырағандар бар, біреуден қарыз алып, қайтармай жүргендер бар, тағы сол сияқты. Бизнес бар жерде мұндай даулар міндетті түрде болады. Сондықтан біздің консулдар осы мәселелерді жан-жақты шешіп жатыр, олардың құқығын күн сайын қорғайды", - деді елші.

Біріккен Араб әмірліктерінде жасырынып жүрген қазақстандық қылмыскерлер жайлы айта келе, ол соңғы екі жылда БАӘ-ден сегіз қылмыскердің экстрадицияланғанын хабарлады.

"Мемлекеттеріміздің арасында төрт келісімге қол қойылған. Бірінші келісім әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, екіншісі - қылмыскерлерді беру туралы, үшіншісі терроризммен күрес бойынша және қазіргі уақытта біз сотталған тұлғаларды беру туралы төртінші келісімді дайындап жатырмыз. Осы төрт құжаттың және өзге халықаралық келісімдердің негізінде ҚР Бас прокуратурасы мен Әмірліктердің сәйкес органдары біздің азаматтарымызды іздестіріп жатыр. Соңғы екі жылда олар Қазақстанға ірі қаржы махинацияларын жасаған және Дубай территориясында болған сегіз қылмыскерді берді", - деді Қайрат Лама Шариф.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети