БАӘ-ге ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасап, үш мұнай танкерін жарып жіберді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ-ге ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуыл жасап, үш мұнай танкерін жарып жіберді Иллюстрация: pixabay

БАӘ полициясы мәліметінше, ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуылы нәтижесінде ADNOC мұнай өнімдерін сақтау резервуары маңында орналасқан үш мұнай танкері жарылды. Сонымен қатар, Абу-Дабидегі халықаралық әуежай аумағында шағын өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Russianemirates сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жарылыстар нәтижесінде инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келмеген.

Қаза болғандар бар: Үндістанның екі азаматы және Пәкістанның бір азаматы. Тағы алты адам, жергілікті телеарналар ақпараты бойынша, жарақат алған.

Eadaily мәліметі бойынша, Иранға қарсы "Ансар Аллах" қозғалысының Йемен армиясы (хуситтер) және халық комитеттері БАӘ аумағына соққы беру үшін 20-ға жуық дрон мен 10 баллистикалық зымыранды қолданған. Ливан телеарнасы Абу-Даби орталығында ұрыс әрекеті жалғасып жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.31  course up  567.34  course up  6.2  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети