БАӘ тұрғыны өз көлігіне 3 миллион долларға тіркеу нөмірін сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАӘ тұрғыны өз көлігіне 3 миллион долларға тіркеу нөмірін сатып алды

Біріккен Араб Әмірлігінде кәсіпкер Ахмед әл-Марзуки өз автомобиліне он миллион дирхамға (шамамен үш миллион доллар) тіркеу нөмірін сатып алды, - деп хабарлайды Khaleej Times.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Араб Әмірлігінде кәсіпкер Ахмед әл-Марзуки өз автомобиліне он миллион дирхамға (шамамен үш миллион доллар) тіркеу нөмірін сатып алды, - деп хабарлайды Khaleej Times.

Эксклюзивті тіркеу нөмірлерін сату бәссаудасы Абу-Даби қаласында өтті. "Мен "2" тіркеу нөмірін сатып алғаныма өте қуаныштымын әрі мақтан етемін", - деді 23 жастағы кәсіпкер. Оның айтуынша 2 нөмірлі сан - мемлекет тарихында өте маңызды сан. 2 желтоқсанда БАӘ құрылған. 

Жалпы бәссаудада 15 миллион долларға нөмірлер сатылды. "1111" нөмірі 12 жастағы жасөспірімге бұйырды, оның әкесі ұлына сый ретінде 400 мың долларға сатып алған. 

Бәссауда Абу-Даби полициясының 60 жылдығына орай өткен. Барлық түскен қаражат қайырымдылық шарасына жұмсалады екен. 

Өткен жылы БАӘ-де өткен бәссаудада "1" тіркеуші нөмірі сегіз миллион долларға сатылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети