03 шілде 2016 20:01

Бағдатта теракт болды: 165 адам қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдатта теракт болып, 165 адам қаза тапты. Тағы 160 адам зардап шекті. Бұл туралы араб БАҚ-тары жергілікті билікке сілтеме жасай отырып хабарлады, - деп жазады РИА Новости. Бағдаттағы Әл-Каррада сауда ауданындағы терактіні ДАИШ (Ислам мемлекеті) лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр. 

Ирактың ІІМ ресми өкілі Саад Маан BBC телеарнасына араб тілінде "мейрамханалардың бірінің маңында жарылғыш зат қойылған көліктің жарылғанын" айтты, бұл уақытта ауданда адамдар көп болған, олар қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты азық-түлік сатып алуға асыққан екен. 

Оқиға болған жерге премьер-министр келді, алайда ол оқиға орнынан шұғыл кетіп қалыпты. Бұл сәтті біреулер видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Кейін видеоны "Әл-Хадас" телеарнасы көрсетті.

Ирактың премьерінің айтуынша, "теракт Ирак әскерінің Әл-Фаллуджа қаласын лаңкестерден босатуына қатқан жауап" болған. Бағдаттан 50 шақырымда орналасқан қаланы бір апта бұрын үкімет әскері толықтай өз бақылауына алған еді.  

Телеарна эфирінде көрсетілген видеожазбада адамдар тобының әл-Абади кортежінің маңына жиналып, премьердің күзеті мен көліктеріне қолға түскен заттарын лақтырып, ел билігін сөгіп жатқаны бейнеленген. Осыдан кейін премьердің кортежі оқиға орнынан дереу кетіп қалған. 

© REUTERS

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети