Бағдаттағы қақтығыстарда 20 адам қаза тауып, 280-нен астамы жараланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдаттағы қақтығыстарда 20 адам қаза тауып, 280-нен астамы жараланды видео кадры

Бағдаттағы қақтығыстардан 20 адам қаза болып, 280-нен астамы жарақат алды. Бұл туралы Directorate 4 Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдаттағы қақтығыстардан 20 адам қаза болып, 280-нен астамы жарақат алды. Бұл туралы Directorate 4 Telegram-арнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шеруге шыққандардан бөлек, "Сарай Ас-Салам" тобының бірнеше дала командирлері қаза тапқандар тізімінде. Ирак астанасы көшелерінде әлі атыс болып жатыр.

Ирак қарулы күштерінің арнайы жасақтары тәртіпсіздікті басу үшін қалаға қосымша күштерді тартып жатыр. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер өз қызметін тоқтатып, қызметкерлерін Бағдаттан эвакуациялады. Басра қаласында да қақтығыстар болып жатыр.

Кейбір Ирак саясаткерлері қантөгісті болдырмау үшін келіссөздер жүргізіп, садристерді тыныштандыруды сұрап, имам Муктада ас-Садрға жүгінген.

Еске салайық, бұған дейін Ирак саясаткері әрі діни көшбасшысы, шиит имамы Муктада ас-Садр Ирактағы зорлық-зомбылық тоқтағанша аштық жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети