12 тамыз 2018 | 14:58

БАҚ АҚШ-та ұшақ ұрлап, әуе апатына ұшыраған адамның есімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

БАҚ Сиэтлде ұшақ ұрлаған ер адамның кім екенін анықтады. Ол әуекоманиясында үш жылдан аса жұмыс істеген Ричард Расселл есімді механик болып шықты, - деп хабарлайды НТВ.


Иконка комментария блок соц сети

БАҚ Сиэтлде ұшақ ұрлаған ер адамның кім екенін анықтады. Ол әуекоманиясында үш жылдан аса жұмыс істеген Ричард Расселл есімді механик болып шықты, - деп хабарлайды НТВ.

Расселл Алясканың Уасилла елдімекенінде дүниеге келген. Ол кейінірек Вашингтон шататындағы Самнер қаласына көшкен. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес Расселл 2012 жылы үйленген. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде өз жұмысы туралы видеоларымен бөліскен. 

Билік өкілдері ресми түрде ұшақ ұрлаған адамның есімін жариялаған жоқ. 

Айта кетейік, Alaska Airlines әуекомпаниясының қызметкері Horizon Air компаниясының механигі болып қызмет еткен. Ол 10 тамызда рұқсатсыз ұшып шығып, 15 минуттан соң қауіпті маневрлардан соң апатқа ұшырады. Ұшақ бортында жолаушылар болмаған. Полицейлер бұл оқиғаның терроризмге еш қатысы жоғын айтады. Ұшақты тоқтату үшін F-15 жойғыш ұшақтарын іске қосқан. Әскери ұшқыштар ұшақты адмдар шоғырланбаған жерге алып кетуге тырысқан. Соның нәтижесінде лайнер Кетро аралының маңында құлаған. Алайда ВВС ұшқыштары еш шабуыл жасамаған.

Оның диспетчерлермен сөйлескен жазбасы жарияланды. "Көп адамдар үшін мен маңыздымын. Менің не істегенімді олар естігенде, көңіл күйлері түсіп, жабырқайтын болды. Мен әрқайсысынан кешірім сұрағым келеді. Мен жай ғана "сынып" қалған жігітпін", - деді ол. "Өкінішті. Бұл сіздердің күндеріңізге әсер етпес деген сенімдемін", - деген соңы сөзінде.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети