12 қаңтар 2021 | 09:28

БАҚ Джек Маның жоғалуына қатысты болжам айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © CNN Фото © CNN

Қытайдағы бай миллиардерлердің бірі Джек Маның жоғалып кетуі ҚХР Коммунистік партиясы елдегі ең ірі интернет-компания Alibaba Group-ты ұлттандыруды жоспарлап отыруымен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы International Bussines Times басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайдағы бай миллиардерлердің бірі Джек Маның жоғалып кетуі ҚХР Коммунистік партиясы елдегі ең ірі интернет-компания Alibaba Group-ты ұлттандыруды жоспарлап отыруымен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы International Bussines Times басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз мәліметінше, Alibaba және Ant Group-ты ұлттандыру туралы жоспар "билеуші партияның орталық басшылығынан" басталған.

Бірнеше күн бұрын Қытай коммунистік партиясының ресми рупоры "Жэньминь жибао" газетіне "үкіметтік антимонополистік жұмысы жақсы нәтиже көрсететінін" айтқан. Мақалада антимонополистік жұмыс капиталды іріктемей кеңейтуге жол бермеу үшін күшейтілуі керегі айтылған.  

Еске салайық, былтыр жыл соңында Қытай билігі Джек Маға тиесілі Alibaba Group компаниясына қатысты антимонополистік тергеу жұмыстарын бастаған болатын. Оған дейін Бейжің Ant Group (Alibaba-ға тиесілі) компаниясының акцияларын жариялау жұмыстарын тоқтатқан. ІРО сауда басталардан екі күн бұрын тоқтатылған. 

Кейіннен миллиардер көрінбей кеткен. Джек Ма Twitter желісіндегі парақшасында соңғы жазбаны 10 қазанда жазған. Ал қаңтарда африкалық кәсіпкерлерге арнадлған Africa’s Business Heroes атты жеке конкурсына қатысуы керек болған, алайда ол жиынға келмеді.  

CNBC Alibaba компаниясының негізін қалаушы онлайн-ретейлердің Ханчжоудағы штаб-пәтерінде әдейі жасырынып қалған болуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда Джек Маны әлі де ешкім көрмеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети