БАҚ: Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды

viewings icon 183 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ислам Кәрімов © Reuters Ислам Кәрімов © Reuters

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов 78 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің сайтына сілтеме жасаған бірқатар БАҚ хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов 78 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің сайтына сілтеме жасаған бірқатар БАҚ хабарлады.

Алайда қазіргі уақытта өзбек үкіметінің сайты істемей тұр. РИА Новости мәліметінше, Өзбекстанның министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілер президент Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы хабар таратпағанын айтыпты.

Ал YouTube хостингінде "Ислам Кәрімовтің денесі Самарқанға жеткізілді" деген атаумен видео жарық көрді. 

Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері, Өзбекстан ғылым академиясының академигі, Өзбекстан Қаһарманы 1938 жылдың 30 қаңтарында Самарқанда дүниеге келген. 

Кеңес кезінде Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған. Ал 1990 жылдың 24 наурызында Өзбекстан Ұлы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министр Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды. Елді 1991 жылдан бастап, ел тәуелсіздік алған сәттен басқарып келді. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro