19 қараша 2021 | 10:06

БАҚ-та түркиялық оппозиционер Фетхуллах Гүлен қайтыс болды деген ақпарат тарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

fgulen.com fgulen.com

Anadоlu түрік ақпарат агенттігінің журналистері Түркияның қазіргі билігіне қарсы оппозиционер Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды деген ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Anadоlu түрік ақпарат агенттігінің журналистері Түркияның қазіргі билігіне қарсы оппозиционер Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды деген ақпаратты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Twitter-де агенттіктің Вашингтондағы өкілдігінің басшысы Хакан Джопур хабарлады.

"Мұқият қадағалап отырмыз. Америкалық полиция мен жергілікті БАҚ-тағы ақпарат көздері бұл туралы ақпарат бермейді. Бұл ештеңе болған жоқ дегенді білдірмейді. Мүмкін бір нәрсе болған, бұл туралы полицияға хабарланбаған шығар. Алайда ұйым (Гүленнің) оны ұзақ жасыра алмайды", - деп жазды Джопур.

Түрік БАҚ-тары Гүленнің Пенсильванияда уланып өлгені туралы хабарлады. Түркияның оппозициялық OdaTV порталы Гүленнің уланғанын және ұйымның тағы бір молдасы өзін-өзі өлтіргенін айтты. Журналистердің айтуынша, ол тұратын демалыс орталығына кіру және шығу мүмкін емес.

"Ұйымға айтпауға бұйрық берілді. Ақпаратты OdaTV журналистері кездескен барлау бөлімшелері растады. Ұйым ақпарат таралып кетпеуі үшін қауіпсіздікті арттырды", - деді БАҚ.

Алайда мекеме әкімшілігінде Гүленнің өлімі туралы ақпарат жоққа шығарылды.

"Бұл - қауесет. Мен оны бес күн бұрын көрдім, бүгін тағы да көремін", - деді "Алтын ұрпақ" орталығының вице-төрағасы Сезай Саблак.

Гүлен басқаратын ұйым оның қайтыс болғаны туралы хабарларды да жоққа шығарды. Гүлен дұға етіп жатқан видео жариялады, бірақ түрік бұқаралық ақпарат құралдары бұл видеоны бұрынғы видеолардан жасалған монтаж деп есептейді.

Пенсильвания полициясы оның қайтыс болғаны туралы хабарламаларды растауға мүмкіндік беретін мәліметтер жоқ деп мәлімдеді.

Еске салайық, Түркия билігі Гүленнің FETO (фетхуллахистік террористік ұйым) ұйымын 2016 жылдың шілдесінде мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысты деп айыптады. Түркияда көтерілістен кейін 80 мыңнан астам адам қамауға алынды, 150 мыңға жуық мемлекеттік қызметші, оның ішінде әскери қызметкер жұмыстан шығарылды. АҚШ-тағы Гюленнің өзі төңкеріс әрекетін айыптап, айыптауларды жоққа шығарды.

2021 жылдың сәуірінде Түркия прокуратурасы Фетхуллах Гүленнің ұйымымен байланысы бар деген күдікпен 532 адамды қамауға алуға бұйрық бергені белгілі болды, олардың 459-ы - әскерилер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети