30 мамыр 2023 12:57

Бакиев Қырғызстанға келсе қамауға алынады - Садыр Жапаров

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан билігі Құрманбек Бакиевті Қырғызстанға қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында президент Садыр Жапаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан билігі Құрманбек Бакиевті Қырғызстанға қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында президент Садыр Жапаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Садыр Жапаров Бакиевті Қырғызстан соты сырттай 30 жылға бас бостандығынан айырылғанын еске салды.

"Бұл шешім бүгінде күшінде. Ол келсе, әрине, қамауға алынады. Барлығымыз заң бойынша өмір сүруді үйренуіміз керек. Менің сот шешімдерінің күшін жоюға құқығым жоқ. Тек бас тартуға немесе беруге құқығым бар. Құрманбек Бакиевке кешірім беру туралы мәселе 2010 жылы зардап шеккендердің пікірін ескере отырып шешілуі керек", - деді Жапаров.

Сондай-ақ ол Бакиевтер отбасының Қырғызстанға оралғанын күтетінін айтты.

"Құрманбек Бакиевке оның ағалары Жаныш, Ақмат пен ұлдары Максим, Марат Бакиевтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар келсе, әрине, ұсталады. Бас прокуратураның мәліметінше, Әділ Бакиев, Марат Бакиев (Құрманбек Бакиевтің інісі) пен Қаныбек Бакиевке іс қозғалмады, олар іздеуде емес", - деді Қырғызстан президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети