Бакуде су құбыры жарылды: бірнеше метрге атқылаған судың видеосы пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бакудің Ясамал ауданы аумағында магистраль су құбыры жарылды. Желіде жерден атқылаған судың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости Азербайджана" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бакудің Ясамал ауданы аумағында магистраль су құбыры жарылды. Желіде жерден атқылаған судың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости Азербайджана" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауызсу беру тоқтатылған. "Азерсу" ААҚ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Ени Ясамал тұрғын алабында тіркелген.

"Ени Ясамал тұрғын алабындағы Асад Ахмедов көшесі бойымен тартылған магистраль су құбыры жарылды. Апат салдарынан су беру тоқтатылды. Қазіргі уақытта оқиға орнына жедел топтар келіп, ауданда орналасқан үйлерге су беру тоқтатылды. Апат пен оның зардаптарын жою бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері. 

Кейін "Азерсу" ААҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Джебраиллы апат "+ 52 Алатава" және "+ 82 Батыс" орталық су қоймаларын қосатын диаметрі 1400 миллиметрлік су құбырында болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети