"Бала үшін күйеуің болу міндетті емес". Мұсылман әйел некесіз бала тууға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бала үшін күйеуің болу міндетті емес". Мұсылман әйел некесіз бала тууға шақырды ДУа Салах. © imgur.com

Белгілі "Салах" ток-шоуының жүргізушісі Дуа Салах эфир кезінде некесіз бала тууға шақырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды РИА "Новости".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі "Салах" ток-шоуының жүргізушісі Дуа Салах эфир кезінде некесіз бала тууға шақырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды РИА "Новости".

Ток-шоу кезінде мысырлық танымал тележүргізуші Дуа Салах қыз бала тұрмысқа шыққысы келмей, алайда, балалы болғысы келсе, ешкімді тыңдамай солай істеу керектігін айтқан. Оның сөзінше, мұндай жағдайда шартты некеге тұрып, қаржылық келісім жасаса да болады екен.

"Сіз ер адамды сатып аласыз, сосын ажырасасыз", - деген екен тележүргізуші. 

Салах өз сөзінде қазір Мысырда тек ажырасқан немесе жесір әйелдер ғана некесіз бала сүйе алатынын атап өтті. Ток-шоу кезінде Салахтың өзі жүкті әйелдерге арналған киіммен келіп, ішіне жастық салып алып шыққан. 

Бұл ток-шоу қоғамда үлкен дау тудырып, тележүргізушінің сөзіне ашуланған заңгер оның үстінен сотқа арыз берген. Сот әйелді отбасы институтына зиян келтіретін, азғындық сөздер айтты деп айыптап, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қоса, оған 10 мың мысыр фунты (568 доллар) көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен Салах кепілақы төлегеннен кейін бостандыққа шығып, үкімді жоғары инстацияда қайта қарау туралы шағым бере алады. 

Мұның алдында жергілікті заңгер әрі адвокат Наби әл-Вахш телебағдарламалардың бірінде зорлау - "мысырлықтардың міндеті" деп мәлімдеген болатын. Заңгердің мұндай ашулы сөздеріне қыздардың ашық киінуі себеп болған екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети