"Балалар аты-жөні, байланыс деректері жазылған белгі тағып жүр". Киев тұрғыны қаладағы жағдай туралы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суреттерді ұсынған Алина Головлева Суреттерді ұсынған Алина Головлева

Стоп-моушн-анимация студиясының негізін қалаушы, Киев тұрғыны Алина Головлева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Украина астанасындағы қазіргі жағдай туралы айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Стоп-моушн-анимация студиясының негізін қалаушы, Киев тұрғыны Алина Головлева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Украина астанасындағы қазіргі жағдай туралы айтты.

Қыздың айтуынша, оның отбасы автотұрақта түнеуге мәжбүр болған.

"Кеше, 24 ақпанда жарылыс дыбысын естідік. Жағдайды таңертең сағат 6-да жаңалықтардан көрдік. Бастапқыда абдырап қалдық. Қайда баратынымыз белгісіз. Нені жинақтау керек, не алу керек, қанша уақытқа, бәрі белгісіз болды", - деді ол.

Біраз уақыт өткен соң ол күйеуі мен қызы үшеуі достарына баруды ұйғарған.

"Осы кезде үй маңында алғашқы ұшақтар пайда болды. Қорқынышты, қатты дыбыстар шығып тұрды. Сәл күтіп, кейін достарымызға шығып кеттік. Бірақ оларға жеткенше шабуыл өршіп, бірден қайтып келдік. Адамдар көп болды, бірақ қанша екенін айту қиын. Біз автотұрақта отырдық, ол жақта суық. Үйлеріне қайтқандар аздан соң оралып жатты. Таңертең Позняков ауданында күшті жарылыстар болып, бәрі қайтып келді. Дүкендер мен дәріханалар туралы ештеңе білмейміз, ешкімнің шығуға батылы бармайды", - деді Алина.

Күндіз отбасы үйлеріне қайтуды ұйғарған, бірақ әуе шабуылы туралы дабыл қосылған сайын, көпшілік жер астындағы тұраққа оралуға мәжбүр.

"Суықтан әбден шаршадық. Бүгін тағы қиын күн болады деп жатыр, біраз демалып, қайтадан тұраққа қайтатын шығармыз. Сол жерде түнейміз", - деді ол.

Тұрғындар ескі жиһаздар мен төсектерді көлік тұрағына алып шыққан.

Балалар мойнына аты-жөні, туған күні, ата-анасының байланыс деректері жазылған белгі тағып жүр.

Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro