"Балаларға қауіпті". Үндістанда коронавирустан кейін пайда болатын синдром анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Балаларға қауіпті". Үндістанда коронавирустан кейін пайда болатын синдром анықталды ©REUTERS

Үндістанда коронавируспен ауырып шыққан балалар арасында қауіпті синдром тарап жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда коронавируспен ауырып шыққан балалар арасында қауіпті синдром тарап жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ел бойынша 2 мыңнан аса баладан мультижүйелік қоздырғыш синдром (MIS-C) анықталған. Қазір аурудан зардап шеккен баланың 70 пайызына интенсив терапия қажет. 

MIS-C көбіне 5-15 жас аралығындағы балаларда коронавирус жұқтырғаннан кейін екі-алты апта аралығында анықталып жатыр. Бастапқыда дене қызуы көтеріліп, артынша органдар қабына бастайды. 

©️REUTERS

"Салдарынан жүрек, тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Аурудан айыққан баланың жағдайы оның мүшелері қаншалықты зақымданғанына байланысты болады. Оны ерте кезден анықтаған дұрыс", - дейді Делидегі леди Хардиндж медициналық колледжінің педиатрия бөлімінің директоры Хариш Пемде. 

Зерттеу нәтижесі бойынша коронавируспен байланысты MIS-C синдромы анықталған балаларда неврологиялық белгілер байқалған. Көбіне бас ауруы секілді белгі де болған. Бірақ балаларда галлюцинация және сіңірдің тартылуы секілді қауіпті белгілер байқала бастаған. 

©️REUTERS

Бастапқыда MIS-C Кавасаки ауруымен байланысты деп есептелген. Айта кетейік, Кавасаки алғаш былтыр сәуірде Ұлыбритания, Италия және Испанияда анықталған.

Өзге де симптомдардан: бөртпе, конъюнктивит, гипотония не шок және коагулопатия белгілері байқалған. Емдеу кезінде иммуноглобулинмен емдеу және кортикостероидтар қолданылып жатыр. Синдром сирек кездескенімен, бала үшін ол вирустан да қауіпті болуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети