Ресейдің Челябі қаласында сәби екінші қабаттың балконынан асылып тұрған. Сурет "ВКонтакте" желісіндегі "Подслушано ЧМЗ" тобында жарияланды.
Ресейдің Челябі қаласында сәби екінші қабаттың балконынан асылып тұрған. Сурет "ВКонтакте" желісіндегі "Подслушано ЧМЗ" тобында жарияланды.
Қаланың Металлург ауданындағы Румянцев көшесінде түсірілген суретте екінші қабаттағы балконнан әйел адам баласын екі қолынан ұстап салбыратып ұстап тұрғаны бейнеленген.
"Бізде балаларды осылай серуенге шығарады", - деп жазған суреттің авторы.
Осы жазбаға қатысты пікір қалдырушылар арасында наразы болғандар көп болған, сондай-ақ әзілдеп пікір қалдырушылар да табылыпты. Олар жас ананың "болашақ десант сарбазын" дайындап жатқанын жазды.
Топтағы пікірталастың басты мақсаты құқық қорғау органдарына осы жайтты жеткізу болған.