Бангладеш билігі екі мыңнан аса босқынды шекарадан Мьянмаға қайтарды

04 Қыркүйек 2017, 18:52
0
Бангладеш билігі екі мыңнан аса босқынды шекарадан Мьянмаға қайтарды - ©REUTERS/Mohammad Ponir Hossain
©REUTERS/Mohammad Ponir Hossain

Бангладеш билігі рохинджа жұртынан шыққан екі мыңнан аса босқынды ұстап алып, Мьянмаға қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости Бангладеш БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Жағалау күзеті Сент-Мартин аралындағы рейд барысында босқындарды ұстап алғаны айтылады. Бұл мекен Мьянманың Ракхайн штатымен шекаралас. Рейд жексенбі күні кешкі уақытта жүргізілген, ал дүйсенбіге қараған түні босқындар Мьянмаға қайтарылған.

"Ұсталғандар Мьянмаға балық аулау кемелерімен қайтарылды", - деп мәлімдеді Кокс-Базар округінің билік өкілі Мохаммед Али Хоссейн.

Сондай-ақ, тоғыз қайық тәркіленген, оларды босқындар аралға жету үшін пайдаланған делінеді. Көшірілгендер әйелдер мен балалар, сондай-ақ қарттар екен.

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар (рохинья) - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай