БАҚ ДАИШ астанасы қайда көшіп жатқанын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ ДАИШ астанасы қайда көшіп жатқанын анықтады © Globallookpress.com

ДАИШ ("Ислам мемлекеті") лаңкестік ұйымының басшылары Мосул мен Ракка қалаларынан кетіп, Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясындағы Меядин қаласына көшіп жатыр. Бұл туралы Associated Press басылымы Сириядағы америкалық шенеуніктер мен белсенділерге сілтеме жасай отырып хабарлады, - деп жазады Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, лаңкестік ұйымдағылардың қашуына Ракка мен Мосул қалаларында жүргізіліп жатқан шабуылдар себеп болған. Халықаралық коалиция АҚШ-пен біріге отырып лаңкестерді қуып шығару үшін осы екі қалаға шабуыл жасап жатыр.

2017 жылдың қаңтар айында АҚШ басқарған халықаралық коалиция мен Ирак әскерлері Мосул қаласының шығыс аудандарын тазартқан болатын. Қаланың батыс бөлігінде де осындай жұмыстар ақпан айынан бері жүргізіліп жатыр. Бұл шараларға Ирак әскері, арнайы қызметтің бөлімшелері мен жасақ қызметкерлері қатысып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети