06 сәуір 2015 | 11:19

Барак Обама араб одақтастарымен "қатаң әңгіме" жүргізуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама. ©REUTERS АҚШ президенті Барак Обама. ©REUTERS

АҚШ президенті Барак Обама араб елдерінде одақтастар арасындағы қауіпсіздік жөнінде "қатаң әңгіме" жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп жазады The New York Times.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Барак Обама араб елдерінде одақтастар арасындағы қауіпсіздік жөнінде "қатаң әңгіме" жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп жазады The New York Times.

"Башар Асад режимі жол беріп отырған адам құқығын сұмдық бұзушылықпен арабтар неге өздері күреспейді, деп сұралады", - деді Барак Обама. Басылымның мәліметінше, Парсы шығанағының алты ел өкілінің алда болатын кездесуінде АҚШ президенті оларды ішкісаяси мәселелерді өздігінен шешуге шақыруға ниеттеніп отыр. Президенттің айтуынша, АҚШ араб елдеріне сыртқы қауіп-қатерге тойтарыс беру үшін әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Айта кетейік, Барак Обама Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесінің шеңберінде Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Катар, Оман мен Бахрейн өкілдерімен кездесуге ниеттеніп отыр. Бұған дейін америкалық көшбасшының Кувейт, БАӘ, Бахрейн мен Катар басшыларымен телефон арқылы жүргізген келіссөздері барысында Парсы шығанағындағы араб елдерімен Иранға қатысты саяси мәселелер жөнінде ынтымақтастығын жалғастыра беруге ниетті екенін мәлімдегені хабарланған болатын. "Президент олардың әрқайсымен "алтылықтың", Еуроодақ пен Иран келіссөздері барысында қол жеткізген саяси келісім тетіктерін, сонымен қатар, иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты әрекет ету жоспарын талқылады", - делінген Ақ үйдің таратқан хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети