Барак Обама телефон нөмірін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барак Обама телефон нөмірін жариялады Фото: Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Желіде телефон нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Желіде телефон нөмірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа бірдеңе жасап көрейік. Егер сіз Құрама Штаттарда болсаңыз, 773-365-9687 телефонына хабарлама жазыңыз. Мен жағдайыңызды, не туралы ойлайтыныңызды және осы жылы қалай дауыс беруді жоспарлап отырғаныңызды білгім келеді", - делінген постта.

Обама қолы босағанда жауап жазатынын атап өтті және алдағы дауыс беру туралы өз ойын айтуға уәде етті.

Еске салайық, АҚШ-да президент сайлауы 3 қарашада өтеді деп жоспарланған. Бірнеше штатта мерзімінен бұрын сайлау басталып кетті. Қазіргі президент Дональд Трамп екінші рет сайлауға қатысып жатыр және оның қарсыласы - демократтардың атынан Джо Байден.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети