Барселоның солтүстігінде атыс болып, бір адам қаза тауып, екеуі жараланды", - РИА Новости.
Барселоның солтүстігінде атыс болып, бір адам қаза тауып, екеуі жараланды", - РИА Новости.
Төтенше жағдайға байланысты құзырлы органдар жексенбіде 21.00-де аудан көшелерінің бірінде атыс болғаны туралы хабар алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз біреулер зардап шеккендердің автомобилінің жанында тұрған көліктен шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта шабуыл жасағандар мінген көлік іздестіріліп жатыр. Полициядағы дереккөз мәліметінше атысқа күдікті ретінде Доминикан Республикаласы азаматтарының қатысы болуы мүмкін.
El Pais газетінің мәліметінше, алған жарақатынан 30 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Жараланған екі адам ауруханаға жеткізілген, біреуінің халі тым нашар.
EFE агенттігінің өз дереккөзі берген мәліметінше, шабуылды ұйымдастырған бір ғана адам.