Каталонияда дүйсенбіден бері ел жаппай ереуілдеп жүр. Ал кешеден бері бұл толқуларға барлық өңір қосылды. Барселонада полиция басқармасының маңында өткен наразылық акциясы тәртіп сақшылармен қақтығысқа ұласқан. Полиция өкілдері ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданып, су шашты, - деп хабарлайды "24 хабар".
Каталонияда дүйсенбіден бері ел жаппай ереуілдеп жүр. Ал кешеден бері бұл толқуларға барлық өңір қосылды. Барселонада полиция басқармасының маңында өткен наразылық акциясы тәртіп сақшылармен қақтығысқа ұласқан. Полиция өкілдері ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданып, су шашты, - деп хабарлайды "24 хабар".
Барселонада 500 мыңдай адамның қатысуымен бейбіт наразылық акциясы басталған еді, түс ауа полиция басқармасының маңында қақтығыстар тіркелді. Ереуілшілер тәртіп сақшыларына жарылғыш заттарды лақтырған. Ал радикалдар топ ішінде шу шығарып, жағдайды ушықтыра берді. Полиция өкілдері наразы халықты тарату үшін көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Соның салдарынан 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бірнеше ондаған тұрғынның қолына кісен салынды.
Бұдан кейін радикалды бағытты ұстанатындар қоқыс бөшкелерін өртеп, жоз қозғалысын жауып бөгеді. Ел астанасындағы Каталония алаңы құдды атыс-шабыс жанрындағы фильмді көзге елестетті. Испания ішкі істер министрлігі ереуілдердің артында алдын ала дайындалған топтар тұр дейді. Ал Барселона тұрғындарының пікірі әр түрлі.
"Бұл ереуілдер - өңірді кемсіткендерге агрессивті жауап беру боп саналады. Себебі адам құқығы тапталып отыр. Елдің барлық кірісі Каталониядан келеді. Үкіметке көмектесеміз. Ал билік біздің құқығымызды таптайды. Жастар бұл әрекеттерге қашанғы көнуі керек. Бұл әлі бастамасы ғана", - дейді Барселона тұрғыны Хавьер есімді азамат.
"Бейбіт ереуіл мен қақтығыстар екі түрлі дүние. Бұл жағдайды ушықтырып отырған радикалдар. Халықтың көп жиналғанын көріп, қолдарына түскенді өртеп топ арасында агрессия туындатып отыр. Зорлық-зомбылық фактілері де содан. Мен осы маңайда тұрамын. Бұл қақтығыстар орынсыз деп санаймын. Туристер үшін де қолайсыз", - дейді Барселона тұрғыны.
Ел ішінде жағдай ушығып тұр. Ереуілдер мен наразылық акцияларының соңы неге соғары белгісіз.